Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Петропавл әкімдігіне 800 мың теңге тұратын душ не үшін қажет: Әкім орынбасары жауап берді

Опубликовано:

себезгі
Себезгі. Көрнекі фото: pixabay.com

Мемлекеттік сатып алу сайтында Петропавл қаласы әкімдігі 800 мың теңгеге лот орналастырды. Бұл сомаға ғимаратта душ кабинасы орнатылмақшы, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Астана арнасына сілтеме жасап.

Арна тілшілері Петропавл қаласы әкімінің орынбасары Асқар Хабибулинмен тілдесіп, мән-жайды түсіндіруін сұраған.

Шенеунік душ кабинасы әкім мен оның орынбасарлары үшін емес, әкімдік ғимаратының тазалығына жауап беретін 18 техқызметкер үшін орнатылатынын айтқан.

"Олар қас қарайғанша жұмыс істейді, жұмыс күні аяқталған соң да техникалық қызметкерлер жұмысы тоқтамайды, әкімдік ғимаратын тазалайды. Сол үшін астыңғы қабатта душ кабинасын орнатуды жоспарлап отырмыз, яғни жұмыс күні аяқталған соң техникалық қызметкерлер жуынып, үйіне қайтуға жағдай жасалынады", - деп түсіндірді Хабибулин.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1990897-petropavl-akimdigine-800-myn-tenge-turatyn-dus-ne-usin-qazet-akim-orynbasary-zauap-berdi/

pixel