Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген такси жүргізушілерінің көлігі тәркілене ме

Опубликовано:

Такси қызметі
Көрнекі фото: pixabay.com

Мемлекеттік кірістер комитеті "жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген такси жүргізушілерінің көлігі тәркіленеді" деген ақпаратты растамады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Желіде жеке кәсіпкерлікті тіркемей такси қызметімен айналысу фактілері анықталған кезде автокөліктерді тәркілеу туралы ақпарат пайда болуда. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды", - деді ведомство өкілдері.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің жекелеген баптарында соттың тиісті шешімі болған жағдайда мүлікке тыйым салу мүмкіндігі қарастырылғаны атап өтілген.

Соған қарамастан, еліміздің Конституциясына сәйкес, сот шешімін қоспағанда, ешкімді де өз мүлкінен айыра алмайды.

"Бүгінге дейін такси қызметін заңсыз жүзеге асырғаны үшін көлік құралдарын тәркілеудің бірде-бір фактісі тіркелген жоқ", - деді Мемлекеттік кірістер комитетіндегілер.

Бұл ретте басқарма жеке кәсіпкер ретінде тіркелмей такси жүргізгені үшін 15 АЕК (45,9 мың теңге) көлемінде әкімшілік айыппұл қарастырылғанын ескертті. Жеке кәсіпкерлікті электронды үкімет порталы (е-лицензиялау), "E-Salyq Business" мобильді қосымшасы немесе Kaspi және Halyk банктерінің қосымшалары арқылы тіркеуге болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1990912-zeke-kasipker-retinde-tirkelmegen-taksi-zurgizusilerinin-koligi-tarkilene-me/

pixel