Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оралда ресейліктерді шекарадан заңсыз тасымалдаған такси жүргізушілері жазаланады

Опубликовано:

Такси қызметі
Көрнекі фото: pexels.com

Ресейліктерді шекарадан заңсыз тасымалдаған оралдық такси жүргізушілері жазаланады. Сондай-ақ, иммигранттарға пәтерін заңсыз жалға бергендер де жауапкершілікке тартылуы мүмкін, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Астана арнасына сілтеме жасап.

Тәртіп бұзушыларды жауапкершілікке тарту туралы ақпаратты бақылаушы органдардың өкілдері шекара мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысында айтқан.

Телеарнаның хабарлауынша, іс материалдары сотқа жіберілген. Оған сәйкес, 70-ке жуық Орал тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Тілші мәліметінше, оларға 15 АЕК (шамамен 45 000 теңге) көлемінде айыппұл салынуы мүмкін. Салық төлемеген тәртіп бұзушылар рейдтік іс-шаралар барысында анықталған.

Қадағалау органында атап өтілгендей, шетелдіктердің көптеп келуіне байланысты Оралда жалға беру бағасы екі есеге, таксимен жүру бағасы он есеге қымбаттаған.

"Тексеру кезінде адамдар туыстарына пәтерін тегін тұруға бергенін айтады. Жергілікті полиция қызметі, көші-қон полициясы, учаскелік полиция қызметімен бірлескен жұмыс арқылы біз пәтер иелері кооперативін де тартамыз. Олар бізге пәтерлер туралы нақты ақпарат бере алады", - деді БҚО МКД басшысы Бауыржан Айнабеков.

Мемлекеттік органдардың мәліметінше, 10 күнде Батыс Қазақстан облысының шекарасынан Ресей Федерациясының 50 мың азаматы өткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1990934-reseilikterdi-sekaradan-zansyz-tasymaldagan-taksi-zurgizusileri-zazalanady/

pixel