Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сот "Барыс-4" көтерме сауда базарын мемлекет меншігіне қайтару туралы шешім шығарды

Опубликовано:

базар
Алматыдағы базар. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Алматының экономикалық соты "Барыс-4" көтерме сауда базарын мемлекет меншігіне қайтармақ. Мәміле жарамсыз деп танылды, деп хабарлайды Алматы қалалық соты ресми Facebook парақшасында.

Сот прокуратураның уәкілетті органға және А. есімді азаматқа қатысты "Найза-БН" ЖШС-нің жарғылық капиталындағы мемлекеттік үлесті сату шартын жарамсыз деп тану туралы азаматтық істі қарады.

"Прокурордың сотқа талап арыз беруіне уәкілетті мемлекеттік органның заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы мемлекеттің қатысу үлесін жекешелендіру кезінде заңсыз жеңілдіктер мен артықшылықтар беруі негіз болды. Сот талқылауы барысында талап арызда келтірілген дәлелдер расталды", - делінген хабарламада.

Соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, уәкiлеттi органның өкiлi талаптарды мойындап, нысанды жекешелендiру мемлекет мүддесiне нұқсан келтiре отыра, арзандатылған бағамен жүргiзiлгенiмен келiскен.

Мәмілені жарамсыз деп тануға сатып алушыға заңсыз жеңілдіктер мен артықшылықтар беру негіз болған, нәтижесінде нысан құны төмен бағаланған.

"Сотта мемлекеттік мүлікті арзандатылған бағамен сату фактілері расталды. Сот талап арызды қанағаттандырып, "Найза-БН" ЖШС-нің жарғылық капиталындағы мемлекеттік үлесті сату шартын жарамсыз деп тану туралы шешім қабылдады", - делінген хабарламада.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

"ҚазАқпарат" агенттігі хабарлағандай, "Найза-БН" ЖШС Алматыдағы "Барыс-4" базарына иелік етіп келген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1990950-almatydagy-barys-4-koterme-sauda-bazary-memleket-mensigine-qaitaryldy/

pixel