Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еңбек министрлігі Дүйсенованың қазақ тілін білмейтіні туралы ақпаратты жоққа шығарды

Опубликовано:

Тамара Дүйсенова
Тамара Дүйсенова. Фото: primeminister.kz

Бірқатар БАҚ Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова "мемлекеттік тілді білмейді" деген жалған ақпарат таратқан, деп хабарлайды ведомствоның ресми сайты.

Ведомствоның баспасөз қызметі қазақ тілі Тамара Дүйсенованың ана тілі екенін атап өткен.

"Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Тамара Дүйсенованың ана тілі қазақ тілі екенін хабарлайды. Министр мемлекеттік тілді жетік меңгерген, үкімет пен парламентте үнемі қазақша сөз сөйлейді, БАҚ-тарда сұхбаттар пен түсініктемелерді қос тілде қатар береді", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ министрлік отандық БАҚ өкілдерінен тексерілген ақпаратты жариялауды, ал азаматтардан фейктерге назар аудармауды және ақпаратты тек ресми көздерден алуды сұраған.

Ведомство бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып жасалған жала жабу 650 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салуға не 25 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғатынын ескертеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1990977-enbek-ministrligi-duisenovanyn-qazaq-tilin-bilmeitini-turaly-aqparatty-zoqqa-sygardy/

pixel