Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бақытгүл Хаменоваға қатысты сот отырысы тағы 10 күнге шегерілді

Опубликовано:

Бақытгүл Хаменова сот залында
Бақытгүл Хаменова сот залында. Фото: KAZ.NUR.KZ/Әйгерім Сайқын

3 қазанға белгіленген Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменоваға қатысты сот отырысы тағы 10 күнге шегерілді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұл жолы залда бос орын болмады. Хаменованың қолдаушылары, адвокаттар соттың басталу сәтін тағатсыздана күтіп отырған.

Алайда сот процесі басталар уақытта қалалық сот қызметкерлері судья Жұмағали Ташимовтың ауырып қалуына байланысты отырыс кейінге шегерілгенін жеткізді.

Осы жолы отырыста тараптардың жарыссөздері басталуы керек еді. Прокурор айыптау актісін оқуы тиіс болған.

Еске сала кетсек, Бақытгүл Хаменова мен өңірлік мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиевке қатысты тергеу 2021 жылдың желтоқсан айында басталған еді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәліметінше, олар Атырау қаласында Абай ескерткішін жасау және қою бойынша 145 млн теңге сомасына мемлекеттік сатып алу шартын жасағаны үшін адамдар тобымен алдын ала сөз байласу арқылы ЖШС басшысынан 4,5 млн теңге пара алды деген күдікке ілінген.

Айыпталушылардың қатарында ЖШС директоры Өміртай Адамов та бар. Оған "пара берді" деген айып тағылып отыр.

Бұған дейінгі сот отырысында Бақытгүл Хаменова өзіне тағылған айыптарды мойындамайтынын айтқан болатын.

Материал авторы: Айгерім Сайқын

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1990983-baqytgul-xamenova-qatysty-sot-otyrysy-tagy-10-kunge-segerildi/

pixel