Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"ҚазТемірТранстың" Қостанайдағы филиалының директоры сотталды

Опубликовано:

Костюмдегі ер адам
Ер адам. Көрнекі фото: Pixabay.com

Жемқорлық фактісі бойынша айыпталған "ҚазТемірТранстың" Қостанайдағы филиалының директоры мен ЖШС директорына қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ресми Telegram-арнасында хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, 3 қазан күні Қостанай қаласының №2 соты "Қазтеміртранс" АҚ-тың Қостанайдағы филиалының директоры Б. Усабеков пен "Вадиса М" ЖШС директоры С. Таировқа қатысты айыптау үкімін шығарған.

Жоғарыда аталған тұлғалар жүк вагондарын кедергісіз және жедел жеткізгені үшін пара алды және берді деп айыпталған.

Сот үкімімен Усабеков 6 жылға бас бостандығынан айырылған. Ол жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейді.

Ал Таировқа пара беру фактісі бойынша параның жиырма еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл салынған, бұл 24 млн теңгені құрайды.

"Сотталғандар өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылады. Үкім заңды күшіне енген жоқ", – деп қосты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1991046-qaztemirtranstyn-qostanaidagy-filialynyn-direktory-sottaldy/

pixel