Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ЖСН алу мен азаматтық алудың айырмашылығы неде: мамандар түсіндіріп берді

Опубликовано:

Қазақстан паспорты
Қазақстан паспорты. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалының мамандары ЖСН алу мен азаматтық алудың айырмашылығы неде екенін түсіндіріп берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Филиал мамандарының мәліметінше, көпшілік тарапынан ЖСН алу мен азаматтық алудың айырмашылығы қандай деген сұрақ жиі қойылады.

"ЖСН алу мен азаматтық алу – екеуі екі бөлек нәрсе. Жеке сәйкестендіру нөмірі – ҚР азаматтарына туған кезде берілетін 12 цифрдан тұратын бірегей сандар комбинациясы.

Шетелдік азаматтар ЖСН алу үшін ХҚКО-ға жүгінуі тиіс. Бұл ретте кез келген шет мемлекет азаматы ЖСН-ді кәсіпкерлік қызметпен айналысу үшін және қаржылық операцияларды орындау үшін ала алады", – дейді мамандар.

Ал Қазақстан Республикасы азаматтығын ел аумағында кемінде 5 жыл тұрақты тұратындар, елде кемінде үш жыл тұратын Қазақстан азаматымен некелескендер және ел аумағында тұратын жақын туыстары бар адамдар ала алады.

Бұл ретте Қазақстан аумағында тұрақты тұратын қандастарға, мемлекеттегі жоғары оқу орындарында оқитын этникалық қазақтарға азаматтықты жеңілдетілген тәртіппен алуға мүмкіндік бар дейді филиал мамандары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1991053-zsn-alu-men-azamattyq-aludyn-aiyrmasylygy-nede/

pixel