Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында прокурорға шабуыл жасады деген күдікпен үш адам ұсталды

Опубликовано:

абақты
Абақты. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Түркістан облысында қызметтік міндетін атқару кезінде билік өкіліне қатысты зорлық-зомбылық жасады деген күдікпен Төле би ауданының үш тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 380-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

"Аталған баптың санкциясы төрт мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуды немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір мың сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуды, сондай-ақ, екі жылдан төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуді не сол мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді", - деп жазылған хабарламада

Бүгінде үш күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ал жол-көлік оқиғасына қатысты факті Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі бойынша тіркелді. Тиісті сараптамалар жүргізілуде. Тергеу нәтижелері бойынша оқиға қатысушыларының іс-әрекеттеріне құқықтық баға беріледі.

Еске сала кетейік, осыған дейін Түркістан облысы Төле Би ауданы Көксайек ауылында үш көліктің қатысуымен жол апаты болған еді. Көлік жүргізушілерінің бірі оқиға орнында қаза тапты.

Көп ұзамай оқиға орнында кезекші прокурор келіп жеткен. Ол жиналғандарға қазіргі заңнамадағы талаптарды түсіндіріп, өзіне тиесілі телефонды пайдаланған. Бірақ жиылғандардың кейбірі оның гаджетін тартып алуға тырсып, кезекші проркурорға күш көрсеткен. Оқиға камераға түсіп қалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1991060-turkistan-oblysynda-prokurorga-sabuyl-zasady-degen-kudikpen-us-adam-ustaldy/

pixel