Павлодарда танысын соққыға жығып, мүгедек қылған ер адамға қатысты сот үкімі шықты

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pixabay.com

Павлодарда танысын соққыға жығып, мүгедек қылған ер адамға қатысты сот үкімі шықты. Зардап шегуші екінші топтағы мүгедек атанып, 70 пайыз еңбекке қабілеттілігін жоғалтқан, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Павлодар облыстық соты баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 2022 жылдың сәуір айында "Реченка" бақшасында болған. 56 жастағы ер адам мас күйінде төбелес ұйымдастырған. Салдарынан жәбірленуші ауыр жарақат алған.

Қалалық соттың үкімінде осы жылдың сәуір айында "Реченка" бау-бақшасында бірнеше ер адамның күндіз ішімдік ішкені көрсетілген.

"Ішімдікті бірге ішу барысында 56 жастағы ер адам кенет танысына деген ескі реніштерін есіне түсіріп, назын жұдырық арқылы жеткізуді жөн көрді. Салдарынан соққы алған ер адам есін жоғалтып, мүгедек атанды. Ол оның бетінен және басынан бірнеше рет соққы жасаған", - делінген сот қаулысында.

Кейіннен жәбірленуші №1 Павлодар қалалық ауруханасына жатқызылды. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, сот процесі басталды.

"Сот жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларды ескере отырып, ер адамды 106-баптың 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танып, 4 жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Үкім заңды күшіне енген жоқ", - деді Павлодар облыстық сотының баспасөз хатшысы Агидел Ибраева.

Сот үкімімен заң бұзған азамат жәбірленушіге 3 миллион теңге көлемінде моральдік шығын өтеуге міндеттелді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1991065-pavlodarda-tanysyn-soqqyga-zygyp-mugedek-qylgan-er-adamga-qatysty-sot-ukimi-syqty/