Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Орал қаласында төбелеске қатысқан ресейліктер елден шығарылды

Опубликовано:

Полицей
Полицей. Көрнекі фото: piqsels.com

Орал қаласында төбелеске қатысқан ресейліктер елден шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, тәртіп сақшылары ел заңнамасын бұзған Ресей Федерациясының азаматтарын республика аумағынан шығарып жіберу туралы әкімшілік соттың шешімін орындады.

"Полиция қызметкерлері "Сырым" шекара бекеті арқылы екі ресейлікті елден шығарды. Сонымен қатар төбелеске қатысқан тағы екі ресейлік әкімшілік қамаққа алу мерзімі аяқталғаннан кейін Қазақстан аумағынан шығарылады", - деп хабарлады ведомстводан.

Айта кетейік, осыған дейін Түркістан облысында қызметтік міндетін атқару кезінде билік өкіліне қатысты зорлық-зомбылық жасады деген күдікпен Төле би ауданының үш тұрғыны ұсталған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1991066-oral-qalasynda-tobeleske-qatysqan-reseilikter-elden-sygaryldy/

pixel