"Батыста жаңбыр": 5 қазанда ел аумағында ауа райы қандай болады

Опубликовано:

Қолшатыр ұстаған тұрғындар
Қолшатыр ұстаған адамдар. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

"Қазгидромет" РМК мамандары сәрсенбіде ел аумағында ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Синоптиктердің болжамынша, бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Тек еліміздің батысында, оңтүстік-шығысында атмосфералық фронталды бөліктердің әсерінен жаңбыр, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында жаңбыр, жылбысқы қар жаууы ықтимал.

Сондай-ақ республика бойынша кей жерлерде жел күшейіп, оңтүстікте, оңтүстік-батыста шаңды дауыл тұрып, түнде шығыста, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында тұман түсуі мүмкін.

Одан бөлек Жамбыл облысының таулы аудандарында, Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында 2 градус үсік, Түркістан облысының солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус үсік сақталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1991089-batysta-zanbyr-5-qazanda-el-aumagynda-aua-raiy-qandai-bolady/