Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Діни күндер кестесі бекітілді: 2023 жылы Ораза қашан басталады (фото)

Опубликовано:

Астанадағы мешіт
Мешіт. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімі 2023 жылғы діни күндер кестесін бекітті, деп хабарлайды діни басқарманың ресми сайты muftyat.kz.

"Хижри айлардың басталуы халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының мәліметтері негізінде жасалды. Пәтуа мамандары діни мерекелердің нақты күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты көрсетілген уақыттан бір күн шегерілуі немесе алға жылжуы мүмкін екенін ескертеді", – дейді діни басқарма өкілдері.

Кестеге сәйкес, қасиетті Рамазан айы 2023 жылы 23 наурызда басталады. Қадір түні 17 сәуірден 18 сәуірге қараған түнге түсіп тұр.

Ал Ораза айт – 21 сәуірге, Құрбан айттың бірінші күні 28 маусымға сәйкес келіп отыр.

2023 жылғы діни күндер
2023 жылғы діни күндер кестесі. Фото: Muftyat.kz

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1991093-dini-kunder-kestesi-bekitildi-2023-zyly-oraza-qasan-bastalady-foto/

pixel