Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жетісу облысында пайдалы қазбаларды заңсыз өндірді деген күдікпен 14 адам ұсталды

Опубликовано:

Пайдалы қазба
Пайдалы қазба. Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

Жетісу облысының Ақсу ауданында полиция қызметкерлері шекарашылармен бірлесіп, пайдалы қазбаларды заңсыз өндірді деген күдікпен 14 адамды ұстады. Бұл туралы ҰҚК Шекара қызметі ресми сайтында хабарлады.

Шекара қызметінің мәліметінше, заңсыз қазба жұмыстары "Сарытау" жерінде жүргізілген.

Тексеріс барысында құқық бұзушылардың шекаралық аймақта тау-кен өндіру жұмысын жүзеге асыруға рұқсат құжаттарының жоқ екені анықталған.

Одан бөлек күдіктілер ұсталған ауданды тексеру барысында бұрғылау құралдары, топырақты қопсытуға және қазуға арналған жабдықтар, бензиндік агрегат, сондай-ақ салмағы 40 тоннаға жуық кен өнімі тиелген HOWA маркалы жүк көлігі табылған.

Қазіргі таңда аталмыш факті бойынша тергеуді облыстық полиция департаменті жүргізуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1991174-qazaqstannyn-sekaralyq-aimagynda-tagy-14-qara-kensi-ustaldy/

pixel