Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау облысында қызы әкесін сотқа берді

Опубликовано:

Сот балғасы
Көрнекі фото: piqsels.com

Атырау облысында қызы әкесінен қосымша алимент өндіруді талап етіп, сотқа жүгінді. Азаматтық істің мән-жайын Жылыой аудандық сотының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ "Мой город" басылымына сілтеме жасап.

Сот ер адамның қызына 18 жасқа толғанға дейін алимент төлегенін анықтады. Алайда кейін аударымдар тоқтап қалған.

Қыз әкесінің үстінен университетте оқуға кеткен 150 000 теңгені өндіріп алу үшін сотқа шағым түсірген. Сотта тараптар медиативтік келісімге келді.

Қызы өз талабынан бас тартқан, ал әкесі 2022 жылдың қазан айынан бастап ай сайын 45 мың теңгеден қосымша алимент төлеуге міндеттелді. Азаматтық іс жүргізу тоқтатылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1991193-atyrau-oblysynda-qyzy-akesin-sotqa-berdi/

pixel