Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев "Павлодар – Астана" бағытындағы әуе қатынасын қалпына келтіруді тапсырды

Опубликовано:

Әуежай
Көрнекі фото: NUR.KZ/ Владимир Третьяков

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Павлолар облысына жұмыс сапары барысында үкіметке өңірдің өзге аймақтармен әуе қатынасы мәселесін шешуді тапсырды, деп хабарлайды БОРТN1 Telegram арнасы.

Президент Павлодар облысының экономикасын дамытуға өзге өңірлермен әуе қатынасын орнату айрықша ықпал ететінін айтты.

Мемлекет басшысы атап өткендей, қазір облыс орталығынан Астананың өзіне тікелей ұшақ ұшпайды.

"Үкімет жыл соңына дейін "Павлодар – Астана" бағытындағы тұрақты әуе қатынасын қалпына келтіруі керек. Сондай-ақ жергілікті әуежайдың ұшу-қону жолағын жөндеу мәселесін пысықтаған жөн", - деді Тоқаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1991231-toqaev-pavlodar-astana-bagytyndagy-aue-qatynasyn-qalpyna-keltirudi-tapsyrdy/

pixel