Павлодар облысында туған қызын зорлаған ер адамға химиялық кастрация жасалады

Опубликовано:

Жасөспірім
Көрнекі фото: pixabay.com

Павлодар облысында туған қызын зорлады деп айыпталған ер адам сотталды. Ер адам 25 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды "Еуразия" бірінші арнасы.

Телеарнаның хабарлауынша, зорлық-зомбылық ұзақ жылдарға созылған. Алайда қыз жақында ғана туыстарына бәрін айтып берген.

"Қыз он жаста болғанда, алты жыл бойы әкесі оған зорлық-зомбылық жасаған. Ол оған венерологиялық ауру жұқтырған", - деді Павлодар облысының прокуроры Ермек Ахметов.

Айыпталушы сот алдына келді. Ол 25 жылға бас бостандығынан айырылды. Оған сондай-ақ химиялық кастрация жасалады. Ер адам өз кінәсін мойындаған жоқ. Қазір сотталушыны ата-ана құқығынан айыру мәселесі шешілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1991244-pavlodar-oblysynda-tugan-qyzyn-zorlagan-er-adamga-ximiyalyq-kastraciya-zasalady/