Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ешкімге кедергі келтірмеді": Тоқаев Алматыдан алып тасталған трамвайға қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

қоғамдық көлік
Трамвай. Көрнекі фото: pixabay.com

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Павлодар жұртшылығымен кездесуінде қаладағы трамвай туралы сөз қозғады. Мемлекет басшысы Алматыны мысалға келтіріп, Павлодар қаласында бұл қоғамдық көлік түрін сақтап қалу керегін айтты, деп хабарлайды БОРТN1 Telegram арнасы.

"Павлодар – трамвай жүретін сирек қаланың бірі. Алматыда травмай жүрді, ешкімге кедергі келтірмеді, бірақ оны қаладан алып тастау туралы шешім қабылдады. Ауқымды жұмыс жүргізілді, рельстер жойылды, енді Алматы трамвайсыз қалды. Трамвай қаланың символы болғанын атап өту керек. Меніңше, Павлодарда трамвайды сақтап қалу қажет", - деген пікір білдірді президент.

Мемлекет басшысы ол үшін егер қажет болса, жолдарды жаңғыртып, жаңа, дыбыссыз, трамвайлар сатып алуға болатынын да айтты.

"Бірақ травмай - өзінше тартымды көлік түрі. Еуропаның көптеген дамыған қаласында трамвайлар кедергісіз жүреді. Бұл - көптеген жергілікті тұрғындар ұнататын экологиялық және ыңғайлы көлік. Трамвай жүйесін дамытуды жалғастырып, құрамдарды жаңартуды жеделдету керек", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1991266-eskimge-kedergi-keltirmedi-toqaev-almatydan-alyp-tastalyngan-tramvaiga-qatysty-pikir-bildirdi/

pixel