Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оралда мектеп оқушысы сабақ басталар алдында кенеттен көз жұмды

Опубликовано:

сынып
Сынып. Көрнекі фото: pixabay.com

Оралдағы мектептердің бірінде оқушы қайтыс болды. Ол сабақ басталмай жатып есінен танып қалған. Жақын жерде болған мұғалімдер жедел жәрдем шақырған, деп хабарлайды "Мой город" порталы.

Қайғылы оқиға 4 қазанда болған.

БҚО білім басқармасының баспасөз қызметінің өкілі жедел жәрдем келгенге дейін балаға мектеп дәрігерінің көмек көрсеткенін хабарлады. Дегенмен бала жедел жәрдем келгенше қайтыс болған.

Жасөспірімнің 10-сыныпта оқығаны белгілі болды. Ол медициналық диагнозбен есепте тұрған.

Бала өлімінің себебін сот-медициналық сараптама анықтайтын болады.

Еске сала кетейік, қыркүйекте Оралдағы колледжде оқитын студент дене шынықтыру сабағында көз жұмған болатын. Жас жігіт сабақ үстінде құлаған. Мұғалім мен медбике алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Бірақ қанша тырысқанымен студенттің өмірін сақтап қала алмаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1991324-oralda-mektep-oqusysy-sabaq-bastalar-aldynda-kenetten-koz-zumdy/

pixel