Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтауда мысықтың үстіне секіріп жарақаттаған ер адам ұсталды

Опубликовано:

Мысықты жарақаттау сәті
Видеодан кадр: Telegram/POLICE_of_KZ

Ақтауда мысықтың үстіне секіріп, зақым келтірген ер адам ұсталды, деп хабарлайды Ішкі істер министрлігінің Telegram арнасы.

Ведомство өкілдерінің хабарлауынша, 4 қазан сағат 22.00 шамасында 35 жастағы мас адам Ақтаудағы 6-шы шағын ауданда мысықтың басына секіріп, жарақаттаған.

"Бұл факт Қылмыстық кодекстің 316-бабы 1-бөлігі бойынша тіркелді. Ер адамға 120 АЕК-ге дейін айыппұл салынады немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстары жүргізіледі, не 120 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тартылады немесе 30 тәулікке дейін қамауға алынады", - делінген ведомство хабарламасында.

Министрлік мәліметінше, күдікті іс-әрекетін мойындаған, тергеу жалғасып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1991329-aqtauda-mysyqtyn-ustine-sekirip-zaraqattagan-er-adam-ustaldy/

pixel