Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БҚО-да медицина қызметкері пышақ жарақатын алды

Опубликовано:

Жансақтау бөлімі
Жансақтау бөлімі. Көрнекі сурет: NUR.KZ / Петр Карандашов

30 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысындағы аудандық аурухана қызметкері пышақ жарақатын алды. 27 жастағы жәбірленуші медициналық мекемеге жеткізілді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Мой город" басылымына сілтеме жасап.

Полицияның хабарлауынша, сағат 13.22-де Ақжайық ауданы Чапаево ауылындағы орталық аудандық аурухананың жедел жәрдем бөліміне зардап шеккен 27 жастағы әйел жеткізілген.

Әйел ішінен және кеуде, мойын тұсынан пышақ жарақатын алған.

"31 жастағы күдікті анықталды. Ол да дене жарақатымен Орал қаласындағы ауруханаға жеткізілді", - деп хабарлаған басылымға БҚО ПД баспасөз қызметінің өкілі.

Басылым мәліметінше, аталған жайт бойынша Қылмыстық кодекстің 24-бабы және 99-бабының 2-бөлігі (Кісі өлтіруге оқталу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Ал облыстық денсаулық сақтау басқармасы зардап шегушінің облыстық ауруханада статист болып жұмыс істейтінін растаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1991398-bqo-da-medicina-qyzmetkeri-pysaq-zaraqatyn-aldy/

pixel