Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодарлық тұрғын "Киндер" тәттілерін ұрлады деген күдікке ілінді (видео)

Опубликовано:

Шоколад
Шоколад. Көрнекі фото: pixabay.com

Павлодардағы жанармай құю бекеттерінің біріндегі дүкеннен "Киндер" тәттілерін ұрлады деген күдікпен жергілікті тұрғын ұсталды. Бұл туралы Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі Instagram желісіндегі парақшасында хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, полицияға Павлодар қаласының жанармай құю бекеттерінің бірінің басқарушысы жүгінген.

Ол бекет жанындағы дүкеннен белгісіз адам сатушылардың өзге іспен айналысып жатқан сәтін пайдаланып, "Киндер" шоколадтарын ұрлап кеткенін айтып, шағымданған.

Істің мән-жайын анықтау үшін тәртіп сақшылары бейнебақылау камераларын қараған.

"Ол алғашқы ұрлықты тамыз айында жасаған және бұл әрекет байқалмай қалады деп ойлап, бір айдан кейін дүкенге қайта келген. Ер адам сатушылардың сатып алушылармен сөйлесіп тұрған сәтін пайдаланып, тәттілерді қалтасына және сөмкесіне салып, дүкеннен шығып кеткен. Келтірілген залал 10375 теңгені құрады", – дейді облыстық ПД-ның баспасөз қызметіндегілер.

Жауап алу барысында ұсталған ер адам шоколадты сатқанын, қалғанын өзі жегенін айтқан.

Құзырлы орган өкілдері ер адамға қатысты Қылмыстық кодекстің 187-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1991405-pavlodarlyq-turgyn-kinder-tattilerin-urlady-degen-kudikke-ilindi-video/

pixel