Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Дикий Арманды" қамауда ұстау мерзімі тағы 2 айға ұзартылды

Опубликовано:

абақты
Абақты. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

"Дикий Арман" лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевті қамауда ұстау мерзімі 7 желтоқсанға дейін ұзартылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Алматы қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Алматының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының хабарлауынша, 2022 жылғы 6 қазанда сот қаулысымен тергеу органдарының Д.-ға қатысты қамауда ұстау мерзімін 11 айға дейін, яғни 7 желтоқсанға дейін ұзартуға санкция беру туралы өтініші қанағаттандырылды. Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ", - делінген қалалық соттың баспасөз хабарламасында.

Еске сала кетсек, "Дикий Арманның" ұсталғаны биылғы жылдың 7 қаңтарында белгілі болған еді. 11 қаңтарда ол 2 айға қамауға алынды. ІІМ мәліметтері бойынша, онымен бірге бес адамнан тұратын қылмыстық топ та ұсталған.

Арман Жұмагелдиев Қылмыстық кодекстің 272-бабы ("Жаппай тәртіпсіздік"), сондай-ақ Қылмыстық кодекстің 287-бабы ("Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру") бойынша күдікке ілініп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1991431-dikii-armandy-qamauda-ustau-merzimi-tagy-2-aiga-uzartyldy/

pixel