Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Таразда ұстаздар күніне орай мерекелік іс-шара мен педагогтерді марапаттау рәсімі өтті

Опубликовано:

Тараз қаласының әкімдігі
Фото: Тараз қаласының әкімдігі

Бүгін Тараз қаласының оқушылар сарайында "Ұстазға мың алғыс!" атты қалалық ұстаздар күніне орай мерекелік іс-шара мен марапаттау рәсімі ұйымдастырылды.

Осынау ұстаз атты қастерлі ұғым барша адамзат үшін қадірлі. Қоғамның ары мен ақылы саналатын ұстаз – бүкіл халық құрметтейтін тарихи мол, ерекше кәсіп.

Тараз қаласының әкімдігі
Фото: Тараз қаласының әкімдігі

Жиынға Тараз қаласының әкімі Орынбеков Бақытжан Әмірбекұлы қатысып, мұғалімдерді ​ мерекелерімен құттықтады.

Іс –шараға жалпы 350 адам шақырылып, мектептен тыс балалар шығармашылығы орталығының тәрбиеленушілері ұстаздарға алғыс айта отырып, өздерінің концерттік шығармашылық өнерлерін көрсетті.

Тараз қаласының әкімдігі
Фото: Тараз қаласының әкімдігі

Білім саласында ұзақ жылдар бойы адал еңбек еткен ардагер –педагогтар марапатталды.

Жиын барысында ​ білім саласында ұзақ та нәтижелі еңбек етіп, сапалы білім беріп жүрген, өз қызметтерін аброймен атқарып жүрген 15 мұғалімге Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің, Жамбыл облысы әкімдігінің ​ білім басқармасының, Тараз қаласы әкімінің Құрмет грамоталарымен ​ марапатталды.

Тараз қаласының әкімдігі
Фото: Тараз қаласының әкімдігі

Жалпы осы орайда​ аймақ ұстаздары 3 халықаралық, 13 республикалық, 33 облыстық конкурстарда және 2500 қашықтық байқауларында ​ жүлделі орындарды иеленгенін айта кеткен жөн.

Тараз қаласының әкімдігі
Фото: Тараз қаласының әкімдігі

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1991434-tarazda-ustazdar-kunine-orai-merekelik-is-sara-men-pedagogterdi-marapattau-rasimi-otti/

pixel