Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтауда тұрғыннан 8 млн теңге бопсалады деген күдікпен деструктивті діни ағым өкілдері ұсталды (видео)

Жарияланған күні:

Күдіктілердің бірі ұсталған сәт
Күдіктілердің бірі ұсталған сәт. Фото: Рolisia.kz

Ақтау тұрғынынан 8 млн теңге бопсалады деген күдікпен деструктивті діни ағымды ұстанушылар ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ведомстволық сайттың жазуынша, Маңғыстау облысы Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлеріне Ақтау қаласының тұрғынынан ақша бопсалаған деструктивті діни ағымды ұстанушылар туралы ақпарат келіп түскен.

Полицияның мәліметінше, биыл 13 қыркүйекте сағат 23:30 шамасында алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы тұрғынды алдап, Ақтау қаласының шағын аудандарының бірінде орналасқан жалдамалы пәтерге әкелген.

Кейін ер адамды тапанша, электрошокер, пышақ сынды құралдармен қорқытып, бопсалау жолымен одан 8 млн теңге мөлшерінде ақша талап еткен. Оған қоса олар барлық іс-әрекетін ұялы телефон камерасына түсірген.

Аталған дерек Маңғыстау облысытық полиция департаментінде Қылмыстық кодекстің 194-бабы 2-бөлігі және 126-бабы 2-бөлігі бойынша тіркелген. ​

Бұдан кейін Маңғыстау облысы полиция департаменті Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы және Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлері Маңғыстау облысы Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті қызметкерлерімен бірлесіп, облыс аумағында жедел-іздестіру іс-шараларын өткізіп, күдікті ретінде деструктивті діни ағымның төрт жақтаушысын ұстаған.

"Оларға қатысты тінту іс-шаралары жүргізілді. Барлық заттай дәлелдемелер тәркіленді.​ Төрт адамның барлығы уақытша ұстау изоляторына қамалды және соттың санкциясымен барлығы да қамауға алынды", – деп хабардар етті Маңғыстау облысы полиция департаментінің өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1991495-aqtauda-turgynnan-8-mln-tenge-bopsalady-degen-kudikpen-destruktivti-dini-agym-okilderi-ustaldy-video/