Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"931 млн теңге шығын келтірген": Алматыда қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар сотталды

Опубликовано:

қаржы11
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Алматы қаласы Бостандық ауданының №2 аудандық сотында 9 сотталушыға қатысты қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Алматы қалалық соты Facebook парақшасында.

"Бұрын қылмыс жасағаны үшін сотталған әйел 2019 жылдың сәуірінен 2020 жылдың қарашасы аралығында қаржы пирамидасын құрып, оны басқарған. Кейін компанияға жеті адамды тартып, олармен бірлесіп екі ЖШС тіркеген. Қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар азаматтарға еншілес компаниялардың инвестициялық жобаларына қаражат салуды ұсынған. Бұл компаниялар сыйақы алуға кепілдік берген", - деп хабарлайды соттың баспасөз қызметі.

Қаржы пирамидасынан 209 адам зардап шеккен. Оларға келтірілген шығын 931 млн 672 мың теңге көлемінде.

"Сот үкімімен қаржы пирамидасын құрған 8 адам кінәлі деп танылып, 5 жылдан 9,6 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Айыпталушылардың біріне қатысты Қылмыстық кодекстің 63-бабы қолданылып, оның іс-әрекетінен залал болмағандықтан, шартты түрде сотталды", - деп атап өтті соттың баспасөз қызметі

Айта кетейік, үкім заңды күшіне енген жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1991509-931-mln-tenge-sygyn-keltirgen-almatyda-qarzy-piramidasyn-uiymdastyrusylar-sottaldy/

pixel