Ақтаулық жігіт Еуропа мен Африканы бөліп тұрған бұғазды алты сағатта жүзіп өтті (видео)
Жарияланған күні:
Ақтау қаласының тұрғыны Құрал Жоламан 30 қыркүйекте жүзу жарысына қатысып, Испаниядан Мароккоға дейінгі 16,7 шақырымды су киімінсіз жүзіп өтті. Құралдың Африка жағалауларына жолы Еуропаның ең оңтүстік нүктесі Тарифадан басталған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Lada басылымына сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, Ақтау тұрғыны Гибралтар бұғазын су киімінсіз 5 сағат 58 минутта жүзіп өткен.
"Құрал бұған дейін Ыстамбұлда құрлықаралық жүзуге қатысқан. Ол Босфор бұғазын жүзіп өтіп, 6,5 шақырымды бағындырды.Каспий теңізінде Гибралтар бұғазы арқылы жүзуге дайындалды. Гибралтардан өту оңай емес, қатты жел, толқын және суы суық. Құралдың қолынан келді, ол 740 жүзушінің ішінен Гибралтарды су киімінсіз кесіп өткен бірінші қазақстандық. Алдағы уақытта ұлымның бүкіл мұхитты бағындыру жоспары бар", - дейді экстремал спортшының әкесі Толыбай Таласбаев.
Айта кетейік, Гибралтар бұғазы – Атлант мұхитын Жерорта теңізімен байланыстыратын Еуропа мен Африка құрлығы арасындағы бұғаз. Тарифадан (Испания) Пунта-Сиреске (Марокко) дейінгі ең қысқа қашықтық 14,4 шақырым. Бірақ ағыстың қатты болуы салдарынан жүзушілер 16-22 км қашықтықты бағындырады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1991512-aqtaulyq-zigit-europa-men-afrikany-bolip-turgan-bugazdy-alty-sagatta-zuzip-otti-video/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.