Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мемлекеттік техникалық қызмет Қазнетке жасалған 20 млн-ға жуық кибершабуылдың бетін қайтарған

Опубликовано:

Кибершабуыл
Кибершабуыл. Көрнекі фото: pixabay.com

Мемлекеттік техникалық қызметтің "Киберқалқан" кешенінің қорғаныс құралдары ішкі және сыртқы периметрлерден жасалған шабуылдардың бетін қайтарған. Бір айда 20 миллионға жуық кибершабуылға тойтарыс берілген, деп хабарлайды МТҚ ресми сайтында.

Мемлекеттік техникалық қызмет кибершабуылдар елімізде кезектен тыс президент сайлауымен байланысты деп болжайды.

"Мемлекеттік техникалық қызмет "Киберқалқан" кешені қорғау құралдары кибершабуылдарға тойтарыс беруді жалғастыруда. Бүгінгі таңда қауіпті азайту үшін нақты уақыт режимінде барлық желілік трафикті талдау және әрбір пакетті тексеру жұмыстары жүргізілуде.

"Киберқалқан" зиянды трафикті және зиянды бағдарламаларды сүзу арқылы ішкі және сыртқы периметрлік шабуылдарды анықтайды", - делінген хабарламада.

Мемлекеттік техникалық қызметтің мәліметіне сәйкес, бір айдың ішінде 20 миллионға жуық шабуылға тойтарыс берілген.

МТҚ баспасөз қызметі DDoS-шабуылдар бүкіл әлемде орналасуы мүмкін вирус жұққан компьютерлер мен ботнет деп аталатын IoT құрылғыларының желілері арқылы жасалғанын хабарлады. Бүгінгі таңда "Киберқалқан" күшейтілген режимде жұмыс істеуде.

Бұған дейін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Қазақстанға қай елдің шабуыл жасап жатқаны туралы деректер әлі жоқ екенін айтқан болатын. Алайда ол министрліктің киберқауіпсіздік саласында мемлекеттік саясатты әзірлеп жатқанын жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1991514-memlekettik-texnikalyq-qyzmet-qaznetke-zasalgan-20-mln-ga-zuyq-kibersabuyldyn-betin-qaitargan/

pixel