Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елжан Біртанов сот отырысында жеке және қызметтік жазбаларды оқып берді

Опубликовано:

Елжан Біртанов онлайн сот отырысы кезінде
Елжан Біртанов онлайн сот отырысы кезінде. Кадр: NUR.KZ

Астанада Қазақстанның бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов және оның бұрынғы орынбасары Олжас Әбішевке қатысты сот процесі жалғасып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Экс-министр мен оның бұрынғы орынбасарына қатысты қылмыстық іс Астана қаласы Сарыарқа аудандық №2 сотында қаралып жатыр.

Сот отырысы барысында Елжан Біртанов кезінде орынбасары болған Олжас Әбішевпен арадағы бірқатар жеке және қызметтік жазбаны оқып берген.

Оның айтуынша, аталған жазбалар ақпараттандыру платформасын енгізуге қатысты объективті проблемаларға қарамастан, жұмыстың тыңғылықты жүргенін дәлелдейді.

"Ешқандай жұмыс жүрмесе, біз бекерге пиар жасамас едік. Барлық хабарлама мен докладтарда платформаны енгізу жұмысының аяқталуға жақын екендігі және оның 2018 жылдың 7 желтоқсанында қабылданатыны туралы айтылады", – дейді Елжан Біртанов сот алдында.

Сондай-ақ сот отырсында денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы басшысы өзіне тағылған айыптауларды растайтын фактілердің жоқтығын айтқан.

Еске салсақ, Елжан Біртанов 2020 жылдың 3 қарашасында бюджет қаражатын ысырап етті деген күдікпен қамауға алынған болатын.

Атап айтқанда, Елжан Біртанов пен оның бұрынғы орынбасары Олжас Әбішев "лауазымдық өкілетін теріс пайдалану" арқылы мемлекетке 1,5 млрд теңге шығын келтірді деп айыпталды.

Биыл қаңтарда қылмыстық іс сотқа түсті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1991551-elzan-birtanov-sot-otyrysynda-zeke-zane-qyzmettik-zazbalardy-oqyp-berdi/

pixel