ҰҚК Алматы департаменті бастығының бұрынғы орынбасары қамауға алынды

Опубликовано:

Ер адамның қолына кісен салуда
Қолы кісендеулі ер адам. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті бастығының бұрынғы орынбасары Талғат Мұқанов пен басқа да адамдар алаяқтық жасады деген күдікке ілінген. Мұқанов қамауға алынған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сілтеме жасап.

Агенттік өкілдерінің мәліметінше, Талғат Мұқановпен және басқа тұлғаларға қатысты қылмыстық істі алаяқтық фактісі бойынша ҰҚК мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ведомствоаралық жедел-тергеу тобы тергеуде.

"2022 жылғы 5 қазанда Т. Мұқанов сот санкциясымен екі ай мерзімге қамауға алынды", – деп хабарлады ведомстводағылар.

Антикор Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етілмейтінін атап өтті.

Айта кетейік, бұған дейін ҰҚК Қауіпсіздік кеңесі хатшысының бұрынғы бірінші орынбасары мен тағы екі адамға сот үкімі шыққанын хабарлаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1991636-almaty-uqkd-bastygynyn-buryngy-orynbasary-alayaqtyq-zasady-degen-kudikpen-qamauga-alyndy/