Қауіпсіздік кеңесі хатшысының бұрынғы бірінші орынбасары мен тағы екі адамға сот үкімі шықты

Опубликовано:

Үкім оқып жатқан судья
Үкім оқып жатқан судья. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Ұлттық қауіпсіздік комитеті мемлекеттік құпияларды жария ету, тыңшылық және мемлекетке опасыздық жасау фактілері бойынша қылмыстық істерді тергеуді аяқтағанын және үш адамға сот үкімі шыққанын хабарлады.

ҰҚК-нің мәліметінше, 2022 жылғы 21 қыркүйекте Астана қаласының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты М. Шайхутдиновты (Қауіпсіздік кеңесі хатшысының бұрынғы бірінші орынбасары) Қылмыстық кодекстің 185-бабы 3-бөлігі бойынша кінәлі деп тауып, оны мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айыра отырып, 7 жылға бас бостандығынан айырған.

Қылмыстық іске қатысы бар Л.Скаковскийдің (Қылмыстық кодекстің 175-бабы 1 бөлігі – мемлекетке опасыздық жасау) және О.Жданның (Қылмыстық кодекстің 176-бабы – тыңшылық) кінәсі де толық дәлелденген.

Олар сәйкесінше 11 жыл 3 айға және 11 жылға бас бостандығынан айырылған.

"Арнайы іс-шаралар кешенінің басқа да кезеңдерін іске асыруды ескере отырып, шетелдік арнаулы қызметтердің қай елге тиесілі екені және қылмыстық іске қатысы бар адамдар туралы өзге деректер жария етілуге жатпайды", - деп хабардар етті ведомстводағылар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1991639-memleketke-opasyzdyq-zasau-tynsylyq-uqk-birnese-adamga-sot-ukimi-syqqanyn-xabarlady/