"Тамағына үшкір темір тыққан": БҚО-да төрт баланың әкесін өлтіру ісі бойынша сот үкімі шықты
Жарияланған күні:
Батыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Январцево ауылының тұрғыны 34 жастағы Михаил Крайновтың өліміне қатысты төрт айыпталушыға үкім шығарды, деп хабарлайды "Мой город".
Отбасылы ер адам өткен жылдың қараша айында кісі қолынан қаза тапқан. Бұл іске қатысты төрт ауыл тұрғыны күдікке ілінді. Марқұмның әпкесінің айтуынша, інісін айуандықпен өлтірген, тамағына үшкір темір тығып, буындырып, Жайыққа лақтырып жіберген.
Сотта анықталғандай, бес ер адам сотталушылардың бірінің әкесінің үйінде алкогольдік ішімдік ішкен. Жәбірленуші мен бір танысының арасында жанжал туындаған.
"Айыпталушы қолына үшкір темір алып, Крайновтың денесіне, мойнына, арқасына бірнеше рет соққы жасаған. Крайнов еденге құлаған, сотталушы сонда да оның басынан ұра берген. Сосын мойнына арқан байлап, тұншықтыра бастаған. Крайнов оқиға орнында қайтыс болды. Қалған сотталушылар бұл қылмысқа қатысқан жоқ", - деді судья.
Осыдан кейін ер адам мәйіттен құтылу үшін достарынан көмек сұраған, олар келісіп, марқұмды мотороллермен алдын ала мұзы ойылған Жайық өзенінің жағасына апарып, мәйітті сол жерге тастаған.
Басылым мәліметінше, сотталушылардың бірі адам өлтіргені үшін кінәлі деп танылып, 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Үшеуі қылмысты жасырғаны үшін 3 және 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1991661-tamagyna-uskir-temir-tyqqan-bqo-da-tort-balanyn-akesin-oltiru-isi-boiynsa-sot-ukimi-syqty/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.