Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жезқазған мыс балқыту зауытындағы беделді қонақ: Министр зауыт жұмысшыларымен не туралы сөйлесті

Жарияланған күні:

Kazakhmys Holding
Фото: Kazakhmys Holding

Жезқазған мыс балқыту зауытындағы әдеттегі жұмыс күні ҚР еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың келуімен ерекшеленді. Министр Ұлытау облысына жұмыс сапары аясында қала құраушы ірі кәсіпорынға бас сұқты.

«Kazakhmys Smelting (Қазақмы Смэлтинг)» ЖШС Жезқазған мыс балқыту зауытына сапары кезінде Тамара Дүйсенова кәсіпорындағы жұмыс процесімен танысып, зауыттың еңбек ұжымымен пікірлесті. Жұмысшылармен кездесуде министроларға қазіргі таңда әзірленіп жатқан жаңа әлеуметтік кодекс, зейнетақы жүйесін жетілдіру жөніндегі бастамалар, сонымен бірге халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау көрсету жөніндегі мемлекеттік жобалар туралы әңгімеледі. Одан бөлек зауыт жұмысшылары еңбек министріне өзін қызықтыратын сұрақ қойып, ведомство басшысының өз аузынан тиісті жауап алды.

Өз кезегінде "Kazakhmys Smelting (Қазақмыс Смэлтинг)" ЖШС бас директоры Нұрахмет Нуриевминистрге компания қолға алған жұмысшыларды әлеуметтік қолдау және оларға арналған ыңғайлы тұрмыстық жағдай жасау шаралары туралы баяндады. Зауытта еңбек жағдайы мен технологилық процесстерді жақсарту жөніндегі жұмыстар ұдайы жүргізіліп отырады. Мәселен, Жезқазған мыс балқыту зауытында «Флагман» жобасы іске асырылады. Оның мақсаты – еңбек жағдайын жақсарту арқылы жұмысшылардың жеке қауіпсіздігін қалыптастыру ісіне араластыру. Аталған жоба қызметкерлердің өздеріне жұмыс істеу ыңғайлы болатын жағдайды сипаттап, айтып беру. Жұмысшылар бастамасымен қазіргі таңда өзгерістер енгізілуде.

Жезқазған мыс балқыту зауыты әлемдегі ең ірі мыс өндірушілердің бірі - "Қазақмыс" Мыс балқыту бөлінісі "Kazakhmys Smelting (Қазақмыс Смэлтинг)" ЖШС құрамына кіреді. Зауыттың жұмыс істеп тұрғанына жарты ғасырдан астам уақыт өтті және осы уақыт ішінде ол өз ішіне мыс балқыту, мыс электролитін және күкіртқышқылды өндірісті қамтитын жетекші кәсіпорындардың біріне айналды.

Kazakhmys Holding
Фото: Kazakhmys Holding

Бүгінгі таңда бұл өңірдегі басты жұмыс берушілердің бірі. Мұнда 2 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Сонымен бірге, осында металлургтердің жиырмадан астам династиясы еңбек еткен.

Kazakhmys Holding
Фото: Kazakhmys Holding

Айта кету керек, Жезқазған мыс балқыту зауытынан бөлек, министр Жезқазғанның ірі тігін фабрикасына барып, өңірдегі жас белсенділермен кездесті. Кездесулерде Мемлекет басшысының жолдауында айтылған міндеттердің орындалуы, әлеуметтік кодекс жобасында қарастырылған әлеуметтік-еңбек саласын жетілдірудің жаңа жолдары, сонымен бірге жас мамандарды жұмыспен қамту шаралары сөз болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1991701-zezqazgan-mys-balqytu-zauytyndagy-bedeldi-qonaq-ministr-zauyt-zumyssylarymen-ne-turaly-soilesti/