Қазақстан мегаполистерінің бірінде жаңбыр жауады деп күтілуде

Опубликовано:

Қолшатыр ұстаған ер адам жолдың шетінде тұр
Қолшатыр ұстаған ер адам. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Синоптиктер 8 қазан күні Астана, Алматы және Шымкентте ауа райы қандай болатынын айтты. Мегаполистердің бірінде мамандар жаңбыр жауады деп болжайды. Ақпарат "Қазгидрометтің" ресми сайтында жарияланған.

Астанада сенбі күні жаңбыр жауады деп күтілуде. Ауа температурасы күндіз +16+18 градус жылы, желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр болады.

Алматыда синоптиктердің болжауынша, 8 қазан күні көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Күндіз ауа температурасы 24 градусқа дейін көтерілуі мүмкін. Желдің жылдамдығы секундына 2-7 метр.

Мамандар Шымкентте де көшпелі бұлт шығады деп болжайды, жауын-шашын күтілмейді. Ауа температурасы күндіз +24+26 градус. Желдің жылдамдығы секундына 8-13 метр.

Еске салайық, 7 қазан күні Жамбыл облысының таулы аудандарында топырақ бетінде 1 градус үсік сақталған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1991722-qazaqstan-megapolisterinin-birinde-zanbyr-zauyp-aua-temperaturasy-tomendeidi-dep-kutilude/