jitsu gif branding logo appbranding logo app
Денсаулық

    Дәрігер ұялы телефонның ерік-жігерге, миға және есте сақтауға кері әсері туралы ескертті

    Ер адам ұялы телефон қарап тұр
    Ер адам ұялы телефон ұстап тұр. Көрнекі фото: Pexels.com

    Дәрігер әрі тележүргізуші Александр Мясников ұялы телефонды тұрақты пайдалану адам денсаулығына қалай әсер ететінін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

    "Россия 1" арнасының "О самом главном" бағдарламасының маманы ұялы телефонның зиянын азайту үшін ешқандай ереже жоқ екенін айтты.

    "Егер сіз менен ұялы телефонды қалай дұрыс пайдалану керектігін сұрасаңыз, жауабы жоқ. Өйткені, біз жасаған барлық нәрсе өзімізге зиян тигізеді. Пайдаланушының көзқарасы бойынша бұл өте жақсы, сіз интернетке кіріп, кез-келген ақпаратты көре аласыз. Ұялы телефондар бізді қозғалыссыз, мылқау адамға айналдырады. Олар біздің ерік-жігерімізді, миымызды, есте сақтау қабілетімізді және денемізді сал қылады", – деді Мясников.

    Ол ұялы телефонды үнемі қолданудан болып адамдарда жақыннан көргіштік ертерек пайда болатынын, сондай-ақ құрғақ көз синдромы, есту қабілетінің нашарлауы, білезік туннель синдромы, бас ауруы, омыртқа аурулары болатынын түсіндірді.

    Сонымен қатар, дәрігер ұйықтар алдында 4 сағат бұрын ұялы телефон экранына қарамауды ескертті, өйткені, мұндай жағдайда адамда мелатонин өндірісі азайып, ол денсаулыққа кері әсер ететінін түсіндірді.

    "Мені ұялы телефонның жанындағы біздің ерік-жігеріміздің әлсіздігі таңғалдырады. Біз өзімізге тиесілі еместей көрінеміз. Бізді кейбір ойлар, түсініктер мен жаңалықтар иландырады. Бізді қорқытады немесе алдайды және соның бәрін сіздің миыңыз қабылдауда. Ал телефон үнемі көз алдымызда болғандықтан, оқимыз, қараймыз, бір-бірімізге жеткіземіз деп ойлануды доғардық", – деді маман.

    Дәрігер ұялы телефонның ерік-жігерге, миға және есте сақтауға кері әсері туралы ескертті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.