Екі мыңнан аса адам "Тараз – спорттық қала" атты күзгі кроссқа қатысты
Жарияланған күні:
2022 жылғы 8 қазанда Тараз қаласының әкімдігі облыс орталығының тұрғындары арасында "Тараз – спорттық қала" атты күзгі кроссын өткізді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Іс-шараның салтанатты ашылуы және қатысушылардың жасы бойынша жарыстардың басталуы Тараз қаласының Орталық алаңында өтті. Әр жарыста үздік үштікті марапаттау және мәре сызығы Қазақстан Республикасы президентінің 1 саябағында өткізілді. Қашықтық 2400 метрді құрады.
Күзгі марафон "FitnessBlitz Taraz" фитнес клубының жаттықтырушылары өткізген таңертеңгі жылынудан басталды.
Күзгі кросс бағдарламасы:
1 жүгіріс – 18-35 жас аралығындағы ұлдар мен қыздар;
2 жүгіріс – 36-44 жастағы ерлер мен әйелдер;
3 жүгіріс – 45 жастан асқан ерлер мен әйелдер
4 жүгіріс – мүмкіндігі шектеулі азаматтар.
Қатысушылардың қамтылуы 2000-нан астам адамды құрады.
Жарысымыздың жасы ең үлкен қатысушысы 66 жасар Молдыбаев Аманбай 45 жастан асқан ерлер арасында жүделі ІІ орынға ие болды.
18-35 жас ерекшілігі бойынша ерлер арасында І орынды Калюжный Андрей, ІІ орынды Бекхожаев Рустем, ал ІІІ орынды Култасов Ғалымжан алды.
18-35 жас ерекшілігі бойынша әйелдер арасында І орын Кязим Севинч, ІІ орын Сибирякова Яна, ІІІ орын Никрамова Диана иеленді.
36-44 жас ерекшілігі бойынша ерлер арасында І орын Жолдыбаев Нұрболат, ІІ орын Жүнісбеков Асқар, ІІІ орын Қадырманов Досан иеленді.
36-44 жас ерекшілі бойынша әйелдер арасында І орын Сатаева Зарина, ІІ орын Ерубаева Эльвира, ІІІ орын Райымбекова Маржан иеленді.
45 жастан жоғары жас ерекшілігі бойынша ерлер арасында І орын Шкедов Евгений, ІІ орын Молдыбаев Аманбай, ІІІ орын Жазыбаев Асқар иеленді.
45 жастан жоғары жас ерекшілігі бойынша әйелдер арасында І орын Джумакулова Сана, ІІ орын Демидова Елена, ІІІ орын Алимбекова Рабиға иеленді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Тараз қаласы әкімдігінің грамоталарымен және медальдарымен марапатталды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1991746-eki-mynnan-asa-adam-taraz-sporttyq-qala-atty-kuzgi-krossqa-qatysty/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.