Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қорғаныс министрлігі Қазақстан халқына үндеу жасады

Жарияланған күні:

Әскери тікұшақтар
Әскери тікұшақтар. Фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Қорғаныс министрлігі ел аумағында эшелендордың қозғалысына байланысты азаматтарға үндеу жасады. Тиісті мәлімемені ведомство өзінің ресми Telegram-арнасында жариялады.

Министрлік биыл 26 қыркүйек пен 8 қазан аралығында Жамбыл және Алматы облыстарында ҰҚШҰ-ның Жедел әрекет ету ұжымдық күштерінің қатысуымен "Өзара іс-қимыл-2022", "Іздеу-2022", "Эшелон-2022" оқу-жаттығулары өткенін еске салды.

Аталған оқу-жаттығулар аяқталғаннан кейін 8-15 қазан аралығында Қазақстан аумағы бойынша әскери эшелондар тұрақты орналасқан пункттеріне қайтады.

"Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасы Қарулы күштерінің әскери контингенттері еліміздің аумағы бойынша "ҚТЖ "ҰК" АҚ-мен бұрын келісілген эшелондар қозғалысының кестесі бойынша екі бағытта: оңтүстіктен шығысқа және батысқа қарай қозғалады", – деп атап өтті ведомство.

Бұдан басқа, Қазақстан Қарулы күштерінің құрамалары мен бөлімдері ел аумағы бойынша темір жол көлігімен және әскери техникамен өтеді.

"Осыған байланысты азаматтардан әскери техниканың қозғалысы туралы жалған хабарламалар мен бейнематериалдарға назар аудармай, тек ресми ақпарат көздеріне сенуін сұраймыз",– делінген ведомство хабарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1991761-qorganys-ministrligi-qazaqstan-xalqyna-undeu-zoldady/