jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

Таразда қала күні кең көлемде атап өтілді

Тараздықтар қала күнін атап өтті
Фото: Тараз қаласының әкімдігі

Таразда қала күні кең көлемде атап өтілді. Салтанатты шараға облыс әкімі Н.Нұржігітов, қала әкімі Б.Орынбеков, ардагерлер, зиялы қауым өкілдері мен қала тұрғындары қатысты.

Мерекелік кеш барысында еліміздің демографиялық жағдайына  үлес қосқан 5 көпбалалы аналарға  «Алтын алқа» марапаты табысталды.

1. Мүсралиева Айнур Абішқызы

2. Үсіпбекова Ұлбосын Орынбасарқызы

3. Түлебекова Гүлғайша Мырзақасымқызы

4. Мучиоглы Айша Мамедовна

5. Дәулеталиева Нұргул Бақытжанқызы.

Сондай-ақ Тараз шаһарының әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан бірнеше азаматтарды Құрмет  грамоталарымен және Алғыс хаттармен  марапаттады. 

Тараздықтар қала күнін атап өтті
Фото: Тараз қаласының әкімдігі

Құрмет грамотасымен:

Молдыбаев Аманбай Шоңбайұлы - күйші,  сазгер, ақын. Қазақстан Республикасының  «Мәдениет қайраткері»,  Құрмет белгісінің иегері,  Халықаралық БҰО- ның Құрмет  Орденінің иегері, Республикалық «Дарын» сыйлығының иегері. М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-дің  доценті, «Құрметті профессоры»;

Огобаев Нұрлан Жақанұлы - «Жамбыл су» мекемесінің жөндеуші -слесарь-ремонтнигі;

Ергешова Гулнар Аниязқызы – меншік иелерінің бірлестігінің басшысы;

Сағындықова Сайлаукүл Байбосынқызы - «Жасыл Ел – Тараз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Жол тазалығын сақтау учаскесінің жұмысшысы;

Сейдахметов Бекболат – 2009 жылдан бері Родничок алқабының кварталдық комитеттің төрағасы.  Құрметті зейнеткер.

Тараздықтар қала күнін атап өтті
Фото: Тараз қаласының әкімдігі

Алғыс хатпен:

Бакирова Гүлнар Абдуллақызы - №13 бөбекжай - бақшасының тәрбиешісі;

Жақсылықов Ақтөре Қайратұлы - Тараз қалалық Полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімінің қоғамдық тәртіпті сақтау және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету тобының аға инспекторы;

Қарымбаева Ғазиза Серікқызы - Жамбыл облыстық медициналық жедел жәрдем станциясының жоғары санаттағы жедел жәрдем дәрігері. 2020 жылы пандемия кезінде Қазақстан Республикасының бас санитариялық дәрігердің қаулысының негізінде жедел медициналық көмек жұмысының мониторингің жүргізу мақсатында құрылған мобильдік бригада құрамында айрықша жұмыс жасаған қызметкер;

Тілегенов Жанислам Нұржанұлы - Тараз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының инженеры, Азаматтық қорғау лейтенанты;

Шеркешбаев Жамбыл Мәлікұлы -  «Тараз қалалық Электр Желілері» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің электр монтер жұмысшысы.

Тараз
Фото: Тараз қаласының әкімдігі

Шара соңы мерекелік  концертке ұласып, жергілікті өнер жұлдыздары мен кеш қонақтары Садраддин мен Төреғали Төреәлі өз өнерлерін көрсетіп, Тараз қаласының  тұрғындары мен қонақтарына ерекше көңіл сыйлады.

Тараз
Фото: Тараз қаласының әкімдігі

Таразда қала күні кең көлемде атап өтілді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.