Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дүйсенбіде еліміздің ірі қалаларында ауа райы қандай болады

Опубликовано:

Күз
Алматы. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Cиноптиктер еліміздің ірі қалаларында аптаның бірінші күніне арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Қазгидромет.

Ауа райы болжамына сәйкес, бүгін Астанада жауын-шашын күтілмейді, термометр бағанасы +12...+14 градусқа дейін көтеріледі. Күндіз желдің жылдамдығы 3-8 м/с дейін жетеді.

Алматы тұрғындарын да осыған ұқсас ауа-райы күтіп тұр. Оңтүстік астанада жауын-шашынсыз, 13-15 градус жылы болады деп күтілуде. Жел 2-7 м/с дейін күшейеді.

Еліміздің үшінші мегаполисінде күн сәл жылы болады. Дүйсенбі күні Шымкентте ауа температурасы +20...+22 градус болады деп күтілуде. Бірақ күндіз желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1991832-duisenbide-elimizdin-iri-qalalarynda-aua-raiy-qandai-bolady/

pixel