Алматы облысына алғашқы қар жауды (видео)

Опубликовано:

қар түскен аумақ
Қар тазалау жұмыстары. Видеодан кадр: ҚазАвтоЖол ҰК

Кеген-Нарынқол республикалық маңызы бар күре жол аумағында қар жауды, деп хабарлайды "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ баспасөз қызметі Telegram арнасында.

Компанияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, алғашқы қар бүгін, 10 қазанда жауған.

"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ жол қызметтері учаскені тазарту бойынша жедел шаралар қабылдады. Компания өкілдері қар тазалау жұмыстарына 3 арнайы техника мен 5 адам жұмылдырылғанын атап өткен.

"Қозғалысқа шектеу енгізілген жоқ, жолда қауіпсіздік қамтамасыз етілді", - делінген хабарламада.

Күре жолдың қазіргі жағдайын жол қызметі видеоға түсірген.

Еске сала кетейік, бұған дейін хабарлағанымыздай, Алматыда бүгін жауын-шашын болмайды, ауа температурасы күндіз 13-15 градусқа дейін көтеріледі. Желдің жылдамдығы секундына 2-7 метр болады деп күтілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1991883-almaty-oblysyna-algasqy-qar-zaudy-video/