Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанай облысында өрттен зардап шеккен тұрғындарға арналған үйлердің құрылысы қалай жүріп жатыр

Опубликовано:

Қостанай облысы
Әулиекөл ауданы. Фото: Instagram/arkhimed_mukhambetov

Қостанай облысы әкімі Архимед Мұхамбетов Instagram парақшасында Әулиекөл ауданында салынып жатқан тұрғын үйлердің құрылысы жақын арада аяқталатынын хабарлады.

"Әулиекөл ауданында рекордтық қысқа мерзімде тұрғын үйлердің құрылысы аяқталуда. Жақын арада тұрғындарды қоныстандыру басталады. Көріп отырғандарыңыздай, фотосуреттерде бір айдағы үлкен өзгерістерді байқауға болады", - дейді өңір басшысы жазбасында.

Фотосуреттерден бір айдың ішінде бос жатқан жерде коттедж қалашығының қалай бой көтергенін көруге болады. Сонымен қатар Қостанай облысының әкімі үйлердің іші қалай әрленетінін көрсетті.

Еске сала кетейік, Қостанай облысындағы өрттер 2 қыркүйек күні сағат 15:10-да Әулиекөл ауданына қарасты Басаман және Семиозерный орман шаруашылығы бөлімшелерінің аумақтарында басталған болатын. Өрттің жалпы аумағы 43 мың гектарды құрады.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт салдарынан екі елдімекендегі 91 тұрғын үй қирап, зақымданған.

Өрт басталғаннан бері барлығы 2091 адам қауіпсіз жерге көшірілген. Ал 10 қыркүйекте Қостанай облысы Әулиекөл ауданындағы орман өрті толық сөндірілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1991887-qostanai-oblysynda-ortten-zardap-sekken-turgyndarga-arnalgan-uilerdin-qurylysy-qalai-zurip-zatyr/

pixel