Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бизнес орталық күзетшісі кеңседен 10 млн теңге мен алтын ұрлағаны үшін сотталды

Опубликовано:

әшекей бұйым
Гауһар тасты жүзік. Көрнекі фото: pixabay.com

Ақтөбеде бизнес орталықтың күзетшісі бейнебақылау камераларын өшіріп, кеңседен 10 миллион теңге және алтын ұрлағаны үшін сотталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Диапазон басылымына сілтеме жасап.

Күзетші қызметтік міндетін атқару кезінде бейнебақылауды өшіріп, кеңсені кілтпен ашып кіріп, бөлмелердің бірінен ресейлік және басқа да валютадағы қолма-қол ақша салынған әмиян және зергерлік бұйымдар салынған қорап тауып алған. Ер адам тапқанының бәрін алып, ауысымнан кейін үйіне оралған.

Қорапта құны 2 миллион 564 мың теңге тұратын гауһар тасты сырға мен жүзік, 1 миллион 200 мың теңге тұратын алтын сақина болған. Келтірілген жалпы шығын 10 миллион теңгеден асады.

Басылым мәліметінше, ұрлық өткен жазда жасалғанымен сот биыл қыркүйек айында ғана өткен. Сотталушы ломбардтан тәркіленген зергерлік бұйымдарды ғана ұрлағанын айтып, қылмыс бойынша кінәсін тек жартылай мойындаған.

Белгілі болғандай, ақша мен әшекейлер бизнес орталығындағы кеңсе қызметкеріне тиесілі болып шықты. Полицейлер жәбірленушінің екі миллион теңгеден астам сомаға тең алтынын ғана қайтарып бере алған. Ал қалған шығын сомасын әйел сотталушыдан өтеуді талап етті.

Сот күзетшіні бес жылға бас бостандығынан айыру және жәбірленушіге келтірілген шығынды өтеу туралы үкім шығарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1991892-biznes-ortalyq-kuzetsisi-kenseden-10-mln-tenge-men-altyn-urlagany-usin-sottaldy/

pixel