Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Министр: Ауыл тұрғындарының өмір сүру ұзақтығы қалалықтармен салыстырғанда жоғары

Жарияланған күні:

Дәрігер науқастың қан қысымын өлшеуде
Дәрігер науқастың қан қысымын өлшеуде. Көрнекі фото: Pexels.com

Мәжілісте өткен үкімет сағатында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният ауыл тұрғындары қалалықтардан денсаулық сақтау саласындағы қандай көрсеткіштер бойынша алда екенін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ажар Ғиният халық денсаулығының көрсеткіштерін талдау нәтижелерімен таныстырды.

"Талдау көрсеткендей, ауыл тұрғындарының өмір сүру ұзақтығы қалалықтармен салыстырғанда жоғары. Мысалы, 2021 жылдың қорытындысы бойынша республикада орташа өмір сүру ұзақтығы 70,23 жас болса, қалада бұл көрсеткіш 69,91 жасты құрайды, ауылда – 70,79 жас", - деді министр.

Оның айтуынша, қаламен салыстырғанда туу көрсеткіші бойынша да ауылдар көш бастап тұр.

"Өткен жылмен салыстырғанда жалпы өлім көрсеткіші 14 пайызға төмендеген. Биылғы жылдың алты айында ауылдағы ана өлімі қаламен салыстырғанда екі есеге төмен", - дейді Денсаулық сақтау министрі.

Айта кетейік, үкімет сағатында Ажар Ғиният ауылға жұмысқа баратын дәрігерлерге әлеуметтік қолдауды одан әрі күшейті керегі жөнінде айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1991910-densaulyq-saqtau-ministri-auyl-adamdarynyn-qala-turgyndaryna-qaraganda-uzaq-omir-suretinin-aitty/