Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында пәтер үшін 20 миллион теңге берген ер адам сан соғып қалды

Опубликовано:

Әшекейі бар кілт
Кілт. Көрнекі фото: Pixabay.com

Түркістан облысында ер адам полицияға арызбен жүгінген. Оның айтуынша, танысы үш бөлмелі пәтер алуға көмектесемін деп уәде беріп, 20 миллион теңге алып, уәдесінде тұрмаған, деп хабарлайды өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Жәбірленушінің айтуынша, белгілі бір танысы оған жаңа үйден 3 бөлмелі пәтер алуға көмектесемін деп уәде беріп, 20 миллион теңге алып, ақшасын қайтармаған.

Аталған факті Қылмыстық кодекстің 190-бабы "Алаяқтық" бойынша тіркелді.

Тәртіп сақшылары жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, күдіктіні ұстады. Анықталғандай, келіншек 9 ай бойы түрлі сылтаулармен уәдесін орындамай, танысынан алған қаражатты өз қажеттіліктеріне жұмсаған.

"Қазір күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу барысында оның осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бары анықталды", – делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1991925-turkistan-oblysynda-pater-usin-20-million-tenge-bergen-er-adam-san-sogyp-qaldy/

pixel