Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар облысында жоғалып кеткен екі балықшының денесі табылды

Опубликовано:

Құтқарушылар
Құтқарушылар. Фото: T.me/POLICE_of_KZ

Павлодар облысында балық аулауға шығып, хабар-ошарсыз кеткен балықшылардың денесі табылды, деп хабарлайды Ішкі істер министрлігі Telegram-дағы ресми арнасында.

Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 10 қазанда сағат 14.00 шамасында іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Кутаяксор көлінен 8 қазанда хабар-ошарсыз кеткен екі балықшының денесі табылған.

"Қазір сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша іс жүргізу шешімін қабылдаймыз", – дейді ведомство өкілдері.

Айта кетейік, 8 қазанда Екібастұз қаласының тұрғыны 69 жастағы жұбайын іздеуге көмек көрсетуді өтініп, полицияға жүгінген болатын. Әйелдің айтуынша, 5 қазан күні сағат 12.30 шамасында жолдасы УАЗ көлігіне отырып, танысымен бірге балық аулауға кетіп, сол күйі оралмаған.

Тұрғынның өтініш бойынша полиция іздестіру жұмыстарын бастап, 9 қазанда Кутаяксор көлін тексеру барысында УАЗ көлігін тапты. Сондай-ақ көлік салонынан құжаттар, ақша, ұялы телефондар мен автокөліктің кілті табылған болатын.

Дегенмен көлікте резеңке қайық болмаған, бірақ құтқару кеудешелері сол жерде жатқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1991962-pavlodar-oblysynda-zogalyp-ketken-eki-balyqsynyn-denesi-tabyldy/

pixel