Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БҚО-да тұрғын үйдің жертөлесінен снаряд табылды

Опубликовано:

Снарядтар
Снаряд. Фото: Polisia.kz

Батыс Қазақстан облысында тұрғын үйдің жертөлесінен снаряд табылды, деп хабарлайды ІІМ-нің ақпараттық медиапорталы Polisia.kz.

Ведомствоның хабарлауынша, 7 қазан күні сағат 11.30 шамасында Бөрлі ауданының полиция бөліміне ауылдағы үйдің жертөлесінен снаряд табылғаны туралы хабарлама келіп түскен.

Қауіпті снарядты сол үйдің тұрғыны жертөлеге қажет емес заттарды апарған кезде көрген.

"Бұл факт Бөрлі ауданының ақпаратты есепке алу кітабына тіркелді. БҚО полиция департаментінің жедел жасағы келіп, снарядты қауіпсіз жерге шығарғаннан кейін, Бөрлі ауданынан 4 шақырым жерде снаряд жойылды", – деп жазады медиа портал.

Дегенмен снарядтың жертөледе қалай пайда болғанын анықтау мүмкін болмаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1991996-bqo-da-turgyn-uidin-zertolesinen-snaryad-tabyldy/

pixel