Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Құрылыстың құны – 239 млрд теңгеден асады": Энергетика министрлігі Көкшетауда ЖЭО салу мәселесін пысықтауда

Опубликовано:

ЖЭО
ЖЭО. Көрнекі фото: Pixabay.com

Энергетика министрлігі мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Көкшетау Жылу электр орталығын салу мәселесін пысықтауда. Бұл туралы ведомство ресми сайтында хабарлады.

Министрліктің мәліметінше, Көкшетауда ЖЭО салу мәселесі бойынша тендер өткізу жоспарланып отыр.

Қазіргі уақытта Энергетика министрлігі жоба бойынша тендерлік құжаттаманы әзірлеуде.

"Энергетика министрінің 2022 жылғы 4 қазандағы № 312 бұйрығымен бекітілген Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың құрылысына тендер өткізу қағидаларына сәйкес, тендерді 2023 жылғы қаңтарда өткізу жоспарланған", – дейді министрлік өкілдері.

Әзірленген техникалық-экономикалық негіздемеге сәйкес электр станциясының техникалық көрсеткіштері мынадай: электр қуаты – 240 МВт, жылу қуаты – 520 Гкал/сағ. Құрылыстың жалпы құны – 239 млрд теңгеден асады.

Ведмоство тендер өткізу туралы хабарландыру және тиісті тендерлік құжаттама Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында қосымша орналастырылатынын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1992047-qurylystyn-quny-239-mlrd-tengeden-asady-energetika-ministrligi-koksetauda-zeo-salu-maselesin-pysyqtauda/

pixel