Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Желіде көлік жүргізіп келе жатып "ішімдік ішкен" блогердің видеосы тарады: полиция мән-жайды анықтады

Опубликовано:

көлік тізгініндегі әйел
Көлік тізгініндегі әйел. Көрнекі фото: pixabay.com

Әлеуметтік желіде көлік жүргізіп келе жатып "ішімдік ішкен" блогер қыздың видеосы тарады. Бұған қатысты Алматы қаласы полиция департаменті пікір білдірді, деп хабарлайды ІІМ ресми Telegram-арнасы.

Құзырлы органның баспасөз қызметінің мәліметінше, әлеуметтік желіде тараған видео бойынша жергілікті полиция басқармасы тексеріс жұмыстарын жүргізген.

Нәтижесінде 1992 жылы туған К. есімді азаматша анықталған. Ол видеоның үш күн бұрын түсірілгенін, ал мартини бөтелкесіндегі жай су екенін айтқан.

"К. есімді азаматшаға қатысты көлік құралын қауіпсіздік белбеуін тақпай басқарғаны үшін ӘҚбтК-нің 593-бабы 2-бөлігінде көзделген құқықбұзушылық дерегі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды", – дейді ведомстводағылар.

Еске сала кетейік, бұған дейін Талдықорғанда Mercedes-Benz көлігін тізгіндеген мас бойжеткеннің ірі жол-көлік апатына себепші болғанын хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1992057-zelide-kolik-zurgizip-kele-zatyp-isimdik-isken-blogerdin-videosy-tarady-policiya-man-zaidy-anyqtady/

pixel