Петропавлда алып сәби дүниеге келді

Опубликовано:

Жаңа туған нәрестенің өлшемін алуда
Жаңа туған нәресте. Көрнекі фото: Pexels.com

Солтүстік Қазақстан облысындағы перинаталдық орталықта алып сәби дүниеге келді. Салмағы бес келіден асатын нәрестені петропавлдық әйел дүниеге әкелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Басылымның жазуынша, алып сәби 7 қазан күні туған. Ер баланың салмағы – 5 100 грамм.

Ол Петропавл тұрғынының екінші баласы, әйел сәбиді кесарь тілігінсіз өзі босанған.

Бұл биылдыққа өңірде өмірге келген алғашқы алып бала, дейді ақ халаттылар.

"Біздің дәрігерлердің біліктілігі мен кәсібилігінің арқасында ананы аман-есен босандырып алдық. Қазіргі уақытта нәрестенің де, әйелдің де жағдайы жақсы, үйіне жіберілді. Мұндай шымыр балалар өте сирек дүниеге келеді, жылына бір-екеу ғана.

Жалпы 4 мың граммнан асса – ірі, ал 5 мың граммнан асса – алып бала деп есептеледі", – дейді СҚО көпсалалы ауруханасы перинаталдық орталықтың директоры Елена Калюжная.

Еске сала кетейік, өткен атпада Алматы қаласында салмағы 5 328 грамм болатын қыз бала дүниеге келген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1992074-petropavlda-alyp-sabi-duniege-keldi/