Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сыр елінде 2025 жылға дейін 42 ауыл көгілдір отынға қосылмақ

Жарияланған күні:

Қызылорда облысының әкімдігі
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Қызылорда облысында газдандыру бағытында ілкімді істер атқарылуда. Бүгінде Қызылорда, Арал, Байқоңыр қалалары және 17 ауылдық елді мекен газдандыру желісіне қосылған.

2022 жылы 14 газбен жабдықтау жобаларын жүзеге асыруға 5,8 млрд теңге бөлінген. Оның ішінде, 4,3 млрд теңгесі республикалық, 542 млн теңгесі облыстық бюджеттен бөлінсе, "Ауыл – ел бесігі" бағдарламасы аясында – 795 млн теңге, "Жұмыспен қамту жол картасы" бағдарламасы аясында 257 млн теңге қаралған.

Жыл басынан бергі 9 айдың қорытындысы бойынша Қазалы қаласы, Шиелі ауданының Алғабас, Ақмая елді мекендерін газдандыру мен Тереңөзек кентіндегі газдандырылмай қалған көшелерге газ құбырын тарту жобалары аяқталып, пайдалануға берілді. Биылғы жылдың ІІ жартыжылдығында Қармақшы ауданындағы Төретам кенті мен Ақай ауылын, Арал ауданындағы Сексеуіл кентін газдандыру және Шиелі ауданындағы Тартоғай елді мекенінде АГТС орнату жобалары жүзеге асырылуда.

газ
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Ал, Қызылорда қаласына қарасты Наурыз және Махамбет елді мекендерінде 2021 жылы басталған газдандыру жобасының құрылыс жұмыстары 2023 жылға өтпелі жобалардың қатарында.

Сонымен қатар, аймақ басшысының тапсырмасымен 2022-2025 жылдар аралығында 42 ауылдық елді мекенді газ құбырына қосу жұмыстарын жалғастыру жоспарлануда.

Қызылорда облысының тұрғыны
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Айта кету керек, облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев БАҚ-на берген сұхбатында аудан орталықтары толықтай газға қосылғанын және облыстың газдандыру деңгейін биылғы жылы 68%-ға дейін жеткізу жоспарланғанын айтқан болатын.

Шынында, аймаққа қарасты ауылдық елді мекендерін газдандыру халықтың әлеуметтік ахуалын жақсартумен қатар, облыс экономикасына қосымша серпін беретіні анық.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1992121-syr-elinde-2025-zylga-deiin-42-auyl-kogildir-otynga-qosylmaq/